Жаңалықтар

МЕКТЕП ДАУЫ

Қаладағы № 37-ші мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі қызметін атқарған Сандуғаш Таңатарова оқу ісінің үздігі. Дегенмен, жыл басында жұмысынан аяқасты босап қалған жайы бар. Мектеп басшысы Еңбек кодексінің 52 бабын негіз қылып, Сандуғаш Қыдырқызын лауазымдық міндеттемелерінен босатқан. Негізге алынған бұл бап бойынша бейәдеп әрекет жасаған, моральға қайшы қылық танытқан қызметкер ғана жұмысынан шеттетілетін көрінеді. Бірақ, 23 жыл бойы ұстаздық етіп келе жатқан Сандуғаш Таңатарова өзінің қай жерде ағаттық жібергенін білмей дал.

Мұғалімнің сөзінше, мектеп басшысы оған ұжымның көзінше жұмыстан боссың деп айқай салыпты. Біраз уақыттан соң орына өзге адамды жұмысқа қабылдаған көрінеді. Ал директордың сөзіне сенсек, ол өзіне қымбат қызметкерінен айрылғысы-ақ келмеген, бұйрықтарды жоққа шығарып, қайтадан қабылдауға уәде еттік деп ақталды. Алайда мұны бейне камера алдында айтқысы келмей, есікті тарс жауып алды. Мектеп басшысынан түсінік ала алмағаннан кейін, біз сұрақтарды қалалық білім бөлімінің басшылығына қойып көрдік.

Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы бұл олқылықтардың ақ қарасын анықтау мақсатында біз Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жүгіндік. Басқарма басшысы бұл жәйттен хабардар екен.

Ал енді бұл келеңсіздік қалай шешіледі? Сандуғаш Танатаров бұрынғы қызметінде қайта орала ма? Мектептің директорының іс-әрекеті заңды ма, жоқ па? Мұның барлығын бірнеше күннен кейін осы іспен айналысып жатқан мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының комиссиясы шешпек.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *