Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері сақталмайды. Жайық өзені бойындағы қауіпті саналатын аймақтарға 40-қа жуық ескерту белгісі орнатылса да, оны балықшылар мен тұрғындар елең қылар емес.

Ол аздай, балықшылардың жартысына жуығы өзен бетіне мас күйінде шығады екен. Осыған байланысты, Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Айтуларынша, қазіргі кезде мұздың қалыңдығы 17-20 см шамасында. Сол себепті, әсіресе, балаларға мұз үстімен өтуге қатаң тыйым салу керек,-дейді олар.

Өткен жылы Құрманғазы ауданында мұз үстінде ойнап жүрген төрт бала суға түсіп кетіп, абырой болғанда, құтқарушылардың көмегімен аман қалған. Ал биыл ондай жағдайлардың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстарын күнделікті жүргізудеміз,- құтқарушылар.

Оқи отырыңыз...

СЕРТИФИКАТЫ НА 178 КВАРТИР ВРУЧИЛИ В АКИМАТЕ АТЫРАУ

СОҒЫСҚА МАҚАТ АУДАНЫНАН 2 ЖАРЫМ МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ҚАТЫСТЫ

ЧЕМПИОНАТ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ