Жаннұр Қуанғалиеваның тоғыз жасар қызы Амангүл туғаннан сал ауруына шалдыққан. Жалғызбасты ананың баласын ел ішінде қаратпаған жері жоқ. Осыған дейін қайырымды жандардың көмегімен Мәскеуге барып, екі рет ем алып келген. Ресейлік мамандардың емінен кейін Амангүлдің денсаулығы біраз жақсарған көрінеді. Яғни, уқалап-сылау процестерінен кейін сегіз жылда алғаш рет Амангүл сіреспе дертінен толықтай айыққан. Ал қызының бұндай күйге түсуіне кінәлі – дәрігерлер дейді ашынған ана.
Жаннұр Қуанғалиева — «Ұмтылыс» қоғамдық қорының, сондай-ақ, сәбилері ауыр дертке шалдыққан аналарға арналған «Ұя» клубының жетекшісі. Оның құрбысы Әлияның айтуынша, өз жағдайының ауырлығына қарамастан, Жаннұр қайырымдылықпен жиі айналысады екен.
Амангүл тек глютенсыз тамақтанады. Яғни, арнайы диета ұстайды. Анасының айтуынша, ондай өнімдер өте қымбат. Оның үстіне, ай сайын төлейтін пәтерақы тағы бар. Ал Мәскеуден ем-дом алу үшін бақандай млн жарым теңгедей қаржы керек. Сол себепті Жаннұр қайырымды жандардың көмегіне мұқтаж. Егер де қол ұшын созғысы келетіндер болса, экранда көрсетілген карта нөміріне қаржы аударып немесе төмендегі телефон нөміріне хабарласса болады.
8 775 730 77 83
Kaspi GOLD 5169 4931 7109 0353