25 миллиард теңге. Биыл облыс бойынша 64 медициналық ұйым осыншама қаражатқа тегін медициналық қызмет көрсететін болады. Бұл туралы cntv.kz тілшісі хабарлайды.
Олардың 30 жекеменшік емхана. Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік емханалармен – 23,5 млрд, ал жеке меншік медицина ұйымдарымен – 1,5 млрд теңгенің келісімшарты бекітілген. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері өткізген брифингте айтылды.
Олар брифинг тек әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбы аясында болатындығын ескерткенмен, басқарма басшысы Мәншүк Аймурзиева өзге де мәселелер туралы айтып өтті. Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, өңір халқы тегін дәрі-дәрмекпен және емшек сүтінен ерте қалған сәбилер жасанды сүтпен толық қамтылып отырған көрінеді. Жалпы, үстіміздегі жылы тұрғындарға кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көрсетуге бюджеттен 3 млрд астам қаржы бөлініп отыр.