Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Атырауда шетелдік азаматтар жауапқа тартылды

Атырауда «Мигрант» жедел шарасы аяқталды. Бұл туралы cntv.kz   тілшісі хабарлайды.

Екі күнге созылған тексеріс кезінде шетелдіктердің ел аумағына келу, болу тәртібі ережелерін бұзған 200-ден астам дерек анықталып, 227 шетелдік азамат жауапқа тартылды.

Оның ішінде заңсыз жұмыс жасаған 140 тұлғаға қатысты хаттама толтырылып, шетелдік еңбек күшін заңсыз пайдалаған 20-ға жуық атыраулық та жауаптан құтылмады.

Сондай-ақ, еңбек етуге рұқсат қағазы жеке азаматтардың шағын құрылыстары үшін ғана берілгеніне қарамастан, 56 Өзбекстан азаматының еліміздің заңын аяқ асты етіп, қаладағы ЖШС-терінің біріне тиесілі ғимаратты салуға жұмысқа тұрғандықтары анықталды.

Оқи отырыңыз...

СПК «Каспий» выплатила в бюджет дивиденды в размере 176 млн. тенге

АТЫРАУДА PETROENGINEERING-2024 ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ

ЕЛГЕ СЫРТТАН 6 АЙ ЖҰМЫРТҚА ӘКЕЛУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ