Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Атырауда теріс діни бағыттағылардың саны 3000-нан асқан

Атырауда ғаламтор арқылы діни сауаттылығын ашам деп, дәстүрлі емес дінді насихаттайтындардың уағызын тыңдап кететін жасөспірімдер көп,- дейді дін өкілдері. Айтуларынша, басты себеп – жұмысбасты ата-аналардың балаларына көңіл бөлмеуі. Жасөспірімдердің жат ағымдардың жетегінде адасып кетпеулері үшін өңірдегі дін саласының қызметкерлері білім ордаларында имандылыққа тәрбиелеу сабақтарын өткізіп тұрады. Олар бұл жолы қаладағы №20 орта мектеп-лицейінің оқушыларымен жүздесіп қайтты.

Айта кетейік, Атырау облысында теріс діни бағытта жүргендердің саны 3000-нан асқан. Сондай-ақ, дәстүрлі емес дінді насихаттайтын 300-ден аса сайт анықталыпты.

Оқи отырыңыз...

АҚТАУДА 18 ЖАСТАҒЫ МҮГЕДЕКТІ ЗОРЛАҒАН КҮДІКТІ ІЗДЕСТІРІЛУДЕ

ЕРЕКШЕ БАЛАҒА АТТЕСТАТЫН «ЕРЕКШЕ» ЖАҒДАЙДА ТАБЫСТАДЫ

АТЫРАУЛЫҚ ҒАЛЫМ ШӨЛЕЙТТІ ЖЕРДЕ ӨСЕТІН ШӨП ТҮРЛЕРІН КӨБЕЙТУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ