Сенат депутаты Дариға Назарбаева журналистерге берген сұхбатында БАҚ-тағы өзекті мәселелермен таныс екенін атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Назарбаева адам өлімі, суға батып кету, зорлық-зомбылық сынды жағымсыз ақпараттар БАҚ-та көбейіп кеткенін айтады.
«Біздің масс-медиа рейтинг қуып кетті. Екіншіден, неге екені белгісіз, осындай ақпараттар аудиторияны толғандырады. Бұл «шеңберді айналып жүргендей» әсер қалдырады. Біз көбінесе жақсы жаңалықтарды айтқымыз келеді. Алайда тек жағымсыз жаңалықтар беретін редакцияның рейтингісі жоғары екенін байқап жүрміз. Егер басымдықты позитивті жаңалықтарға берсек, рейтингіміз құлайды», — деді депутат Сенат кулуарында.
Осы ретте Дариға Назарбаева журналистерге әлі де аудиториямен жұмыс істеуге кеңес берді.
«Халықтың не қалайтынын біліп, трендті өзгерту керек. Осы мақсатта үлкен жұмыстар жүргізілуі шарт», — деді ол.
Депутат бүгінгі таңда тұрғындардың көбісі өсек-аяңды оқуға құмар екенін жасырмады.
«Алайда азаматтар жан-жағында не болып жатқанын білгісі келеді. Өсек жинап, сол өсектің айналасында сөйлескенді ұнатады. Өкінішке, қарай осындай құбылысқа қарсы бірдеңе істеу қиын. Сондықтан аталған мәселеде мемлекеттік органдар мен БАҚ бірігіп, балансты іздеуі шарт», — деп түйіндеді сөзін Дариға Назарбаева.