Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпарат

БЕКІРЕЛЕР ӨРТЕЛМЕК

Белгісіз індеттен қырылып қалған 110 тоннадан астам бекіре балықтары өртелмек. Бұл туралы «Caspian News» тілшісі хабарлайды.

«Луговой жылқы зауыты» АҚ Атырау филиалының қызметкерлері жағада текшелеп жиналған балықтарды арнайы орынға жеткізу жұмыстарын аяқтады. Құнды балықтардың барлығы дерлік жануарлар мен медициналық қалдықтарды өртейтін крематорийға бірнеше күн бойы тасымалданған.

Зауыт қызметкерлері ол жерге көлікпен күніне 4 мәрте қатынапты. Осылайша, жалпы құны жарты миллиард теңгеге жуықтайтын тауарлық бекіре балығын өсіру зауытындағы жұмыс түгелдей тоқтады.

Оқи отырыңыз...

АСТРАХАННАН КЕЛГЕН «СКИФ» КВАРТЕТІНІҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

НОВЫЙ ЦЕНТРАЛЬНЫЙ СТАДИОН ОТКРЫЛИ В КУЛЬСАРЫ

БОЗДАҚ РЗАХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ДОМБЫРАШЫЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ