Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПОРТАЛЫ

«Менің Атамекенім». Әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған онлайн портал осылай аталады. Атырауда таныстырылымы өткен бұл жоба республика көлемінде өткен жылы қолға алынған. Портал арқылы әлеуметтік жағдайы төмен кез-келген азамат өз өтінішін қалдыра алады. Ол үшін платформада көрсетілген «Көмек қажет» батырмасын басу арқылы арнайы өтініш үлгісін толтырып, құжаттар көшірмесін тіркеп, қандай көмек қажет екендігін көрсетсе болғаны. Сонымен қатар,порталда «Көмек беру» айдары да жұмыс жасайды. Ол арқылы кәсіпкерлер барлық ақпаратты жалпы жүйеден көріп, мұқтаж жанға қажетті көмекті көрсете алады. Кәсіпкер Мирус Құрмашевтің көмегімен жасақталған порталдың көмегіне жүгінушілер аз емес, — дейді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма өкілдері.

Оқи отырыңыз...

АҚТАУДА КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН 9 ЖАСАР БАЛА КҮЙІП ҚАЛДЫ

КОНКУРС ПАТРИОТИЧЕСКИХ ПЕСЕН «ЕРЛІКТІҢ ЕРЕН ҮЛГІСІ» ПРОШЕЛ В АТЫРАУ

О сотрудничестве музея-заповедника «Сарайшык» с Институтом археологии РАН