Жаңалықтар

ДІНИ АХУАЛ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

Атырау облысында теріс діни бағытта жүргендердің саны 3000-нан асқан. Сондай-ақ, дәстүрлі емес дінді насихаттайтын 300-ден аса сайт анықталыпты. Бұл жөнінде өткен жылы жасаған жұмыстарын қорытындылау мақсатында баспасөз конференциясын өткізген Дін істері басқармасының өкілдері мәлімдеді. Сондай-ақ, өңірде қақтығыс аймақтарынан келген үш жанұяның кәмелетке толмаған 11 баласы тіркеуге алыныпты. Олармен қазір психолог, теолог мамандар жұмыс жасап, әлеуметтік-медициналық көмек көрсетуде. Бұдан өзге аймақта діни әдебиет пен бұйымдарды сататын арнайы 12 сауда нүктесі бар екен. Ақпараттық талдау орталығы мен «Шапағат» қоғамдық қорының сенім телефондарына 800-дей адам қоңырау шалып, түрлі діни мәселелермен келген 400-ге жуық жанға теологиялық-психологиялық кеңес берілген. Сонымен қатар, спикер аймақта хиджаб киіп мектепке баратын оқушылардың мүлде жоқтығын айтты.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *