Атыраулықтар депозитке ақша салғаннан гөрі несие рәсімдегенді жөн көреді. Олар өткен жылы банктерден 350 миллиард теңгеге жуық қарыз алса, ал салым көлемі 318 миллиард теңге шамасында. Мамандар несие алушылар санының 2017-ші жылмен салыстырғанда 20 пайызға артқанын айтады. Мұндай мәліметті ҚР Ұлттық банкінің Атырау филиалының қызметкерлері таратып отыр. Сондай-ақ, биыл «7-20-25» бағдарламасы аясында 1 сәуірден бастап 200 баспана пайдалануға берілмек. Қазіргі таңда, екі жүз отыздан астам тұлғаның құжаттары қаралуда көрінеді. Айта кетелік, бағдарламаға тұрақты жалақысы бар, жеке баспанасы мен ипотекалық несиесі жоқ кез келген азамат қатыса алады.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0