Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

САЛЫҚТАН БОСАТЫЛАДЫ

Кәсіпкерлерге салықтық рақымшылық қарастырылады. Жаңа Заңға сәйкес, шағын және орта бизнес өкілдері енді негізгі қарызды төлеген жағдайда айыппұлдар мен өсімақыдан босатылады. Акцияға ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар, акцизделетін өнім өндірушілер, сондай-ақ, жеке тұлғалар қатыса алмайды. Әр салық төлеуші комитеттің kgd.gov.kz сайты мен «Электрондық үкімет» порталында ЖСН нөмірі арқылы өзінің берешегі жөнінде ақпаратқа қол жеткізе алады.

Айта кетейік, салықтық рақымшылық өткен жылдың 1-қазанындағы негізгі қарызды ағымдағы жылдың аяғына дейін төлеген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта өңір бойынша 500 млн теңгеге жуық салық берешегі бар 47 мыңнан аса шағын және орта бизнес субьектілері тіркелген.

Оқи отырыңыз...

Облыс аумағындағы бірқатар іс-шараға тыйым салынды

КРУГЛЫЙ СТОЛ PETROENGINEERING-2024 ПРОШЁЛ В АТЫРАУ

ТЕҢІЗ ЖАҒАСЫНАН БАЛЫҚ ПЕН ИТБАЛЫҚТАРДЫҢ ӨЛЕКСЕСІ ТАБЫЛДЫ