6 шақырымға жуық жерге төселген асфальт, 4 мың метрден астам көше шамдары. Және Атырау – Доссор тас жолы бойына ұзындығы 20 шақырымды құрайтын түнгі көше шамдарының орнатылуы. Сондай-ақ, округ аумағында орналасқан Геолог, Мирас, Бірлік, Теңдік темір жол бекеті мен Новокирпичный елді мекендері инфрақұрылым жүйелерімен толықтай қамтамасыз етілген. Бұл Геолог ауылдық округі әкімі Қуандық Жақиялиевтің халық алдында берген кезекті есеп беруі кезінде айтылған мәлімет. Ал, округке қарасты 20 шақырымнан асатын жаяу жүргінші жолының жобалық-сметалық жоспары жасақталып, олар бір-екі жылдықта жүзеге асырылатын көрінеді. Сондай-ақ, округтегі шешімі табылмай отырған мәселе — 496 разъезд пен Карабатан темір жол бекетінің тұрғындары әлі күнге дейін көгілдір отынсыз отыр. Десек те, есеп беру жиынына қатысқан қала әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы мұның биыл шешімін табатындығына сендірді.
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0