Жаңалықтар

ДАМБЫ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

Дамбы ауылдық округінде алдағы уақытта тұрғын үйлер, көптеген әлеуметтік, тұрмыстық нысандар бой көтермек. Сондай-ақ, мәдениет үйі, құрастырмалы жабық спорт кешені мен ашық спорт алаңы салынады. Ал, қазіргі таңда мұнда 300 орындық орта мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы, ауыл аумағы болашақта Кіші Дамбы елдімекеніне қарай дамитын көрінеді. Бұл туралы округ әкімі Ұзақбай Байдуллиннің халықпен кездесуінде айтылды. Мұнда бұқаралық спортты дамытуға үлкен көңіл бөлініп отыр. Бірақ, жастар мен жасөспірімдер джиу-джитсудан, еркін күрестен және спорттың өзге де түрлерінен халықаралық және республикалық жарыстарда жүлделі орын алып жүргенімен, оларға жағдай жасалмай отыр. Кездесуге келгендер басшылардан осы мәселені жеделдетіп шешуді сұрады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *