Жаңалықтар

ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ЖОЛ АПАТЫ

Бүгін таң алдында қаладағы Әлиев-Сатыбалдиев көпірінің үстінде ВАЗ-13 және Лексус маркалы көліктер бетпе-бет соқтығысып, 3 адам қаза тапты. Ресейлік көліктің 20 жастағы жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырса, тағы екі адам ауруханада көз жұмған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, бірнеше адамның өмірін қиған жол апатына кімнің себепші болғаны әзірше белгісіз. Тәртіп сақшылары толыққанды ақпаратты сәл кейінірек хабарламақ. Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Және дерек бойынша қылмыстық кодекстің «абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы» бабымен іс қозғалған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *