Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

МАҚСАТСЫЗ ЖҰМСАҒАН

Мақат ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану дерегі анықталды. Нақтырақ айтқанда, «Бәйге Төбе» селолық округі әкімдігі ғимаратының құрылысын салу бойынша тиісті тараптардың арасында келісім-шарт жасалып, мердігер мекеме жұмысты жүргізуді өз міндетіне алған. Кейін серіктестік директорының орынбасары құжатта көрсетілген қызметтердің орындалмағанын біле тұра жалпы соммасы бес млн теңгеге жуық жұмыстардың атқарылғандығы туралы қол қойып жіберген. Және бұл құжаттарды Мақат аудандық құрылыс бөліміне тапсырыпты. Аталған дерекке байланысты азаматшаның үстінен Қылмыстық кодекстің «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУДА 2000-ҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН «МӘҢГІЛІК АЛАУҒА» ГҮЛ ҚОЙЫП, БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

БЛОГЕРЛЕР ЖАНАБЫЛОВ ПЕН ТӨЛЕГЕНОВАҒА ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ АЯҚТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН 2040 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН ЕКІ ЕСЕГЕ ҰЛҒАЙТПАҚ