Жаңалықтар

СЫБАЙЛАСТАР СОТТАЛМАҚ

Атырауда «Бергей ісі» бойынша өтіп жатқан сот процесінде мемлекеттік айыптаушы облыстың бұрынғы әкімін 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал, Бергей Рысқалиевтің інісі Аманжан Рысқали мен ағайындылардың күйеу балаларының бірі Рүстем Әлбақасовқа 16, Ерболат Ізбасаров пен Артем Даневичке 10 жылға абақтыға жабу жазасын тағайындау туралы өтініш білдірді. Сондай-ақ, оларға мүліктерін тәркілеп, мемлекеттік қызметке араласуларына 10 жылға дейін тиым салу керектігін айтуды да ұмытпады. Ал, сот үкімінің қашан шығатыны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, аймақтың бұрынғы лауазымды шенеуніктері мен олардың сыбайластарына қатысты сот процесіне айыпталушылар сан мәрте шақырылса да, олар келген жоқ. Қайда екендіктері туралы да нақты мәлімет жоқ. Сондықтан отырыс сырттай өтуде. Олардың адвокаттары істі жүргізуші судья Тыныштық Нұрымоваға қарсы білдіріп, бірнеше рет талап-арыз жазғанымен, олардың ешқайсысы да қанағаттандырылмады. Еске салайық, Рысқалиевтер мен тағы сегіз адамға Қылмыстық кодекстің «жалған кәсіпкерлікпен айналысу», «қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру», «ұйымдасқан қылмыстық топ құру», «қызмет өкiлетін асыра пайдалану», «ұрлық», «алаяқтық», «сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иелену», , «пара алу» және «жалған құжат жасау» баптары бойынша айыптар тағылған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *