Жаңалықтар

БАТПАҚТА ҚАЛҒАН БӨБЕКТЕР

Балаларын батпақта қалдырған! «Атырауда даладан жалаңаяқ күйінде табылған үш жасар бүлдіршін мен оның сегіз жастағы апасының денсаулығына еш қауіп жоқ» дейді тәртіп сақшылары. Кешкілік уақытта 81-ші жылғы азаматша балаларын ертіп, Атырау мұнай өңдеу зауыты маңындағы батпақты аумақпен өтіп, Тасқала елді мекеніне жетпекші болған. Алайда, балшықтан аяқ баса алмаған сегіз жасар қызы мен үш жасар ұлын орта жолда тастап, үлкен ұлын ертіп кете берген. Қайта айналып келгенде бөбектерін таба алмаған келіншек, 102 қызметіне қоңырау шалыпты. Полицияның жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бүлдіршіндер түнгі 11 шамасында Мұнай өңдеу зауыты маңындағы жыңғылдардың түбінен табылған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *