Жаңалықтар

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЧЕМПИОНАТ

Өңірімізде алғаш рет Рубик кубигін жылдамдыққа құрудан аймақтық ашық чемпионат ұйымдастырылды. Назарбаев зияткерлік мектеп базасында өткен шарада 70-ке жуық қатысушы бақ сынады. «Қазақстан спидкубинг федерациясы» қауымдастығының бастамасымен өткен байқауда өз тәжірибелерімен алмасу мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінен Рубик өлшемін құрудың үздіктері жиналды. Одан бөлек, сайыстың әділ өтуін бақылау үшін Украинадан тәуелсіз сарапшылар да келген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта Атыраудан бөлек тағы басқа да аймақтық чемпионаттар өткізілмек. Әр аймақтың үздіктері анықталғаннан кейін Астанада Қазақстан чемпионатын өткізуді де жоспарлап отыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *