Басты ақпарат

10 ТОННА БАЛЫҚ ҚЫРЫЛДЫ

Қаладағы су тоғандарынан жинап алынған өлі балықтардың салмағы 10 тоннаға жуық. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Нақтырақ айтқанда, «Лугов ат зауыты» ЖШС-нің Атырау филиалында 3,4, ал «Жайық-Атырау» бекіре балық өсіру зауытында 1 жарым тонна бекіре балығы қырылған. Перетаска өзегінен 1,1, «Атырау су арнасы» мекемесінің маңынан және Жайық өзенінің төменгі жағынан 3,9 тонна өлген қара балық жиналыпты.

Еске сала кетейік, су маржандарының өлу дерегі желтоқсанның басында байқалған еді. Алғашқы зерттеу қорытындылары судағы хлордың рұқсат етілген мөлшерден 1,5 -2 есе артқанын көрсеткен. Қазір осы оқиғаға байланысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, Экология департаменті Жайыққа су жіберетін мекемелерді тексеруге кірісіп кетті. Ал, оның қорытындысы желтоқсанның соңына қарай шығып қалуы мүмкін.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *