Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

МЫҢДАҒАН БЕКІРЕ ҚЫРЫЛДЫ

Қаладағы «Лугов ат зауыты» ЖШС-нің Атырау филиалындағы 30 мыңға жуық бекіре қырылып қалған. Өкінішке қарай, қазір мұндағы қызметкерлер балықтарды баптаумен емес, сүзіп алып, жағаға шығарумен әлек. Өйткені, белгісіз кеселден бекірелер әлі қырылып жатыр.

Зауыт басшыларының айтуынша, аталған шаруашылықта 200-ге жуық мынадай тоған бар. Ал оларда 100 тоннадан астам құнды балық өсірілуде. Бірақ, олардың саны күн санап азайып барады. Мысалы, бүгін судан шығарылған мың жарымнан астам қызыл балықтың небары 50 шақтысы ғана тірі. Олардың да тірі қалуы екіталай көрінеді.

Оқи отырыңыз...

6 МЫҢ АДАМНАН СЫНАМА АЛАДЫ

Көпбалалы отбасылар баспана алу үшін жеке кезекке тұрады

Ақтаулықтар «Бақытты отбасы» аясында салынған үйлердің сапасыз екендігін айтуда