Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚұқық және заң

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОСАМОКАТҚА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕР КҮШІНЕ ЕНДІ: ПОЛИЦИЯ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

Caspian News, 25 тамыз. Қазақстанда электрлі самокаттарды пайдалану тәртібі қатаңдатылды. Полиция қызметкерлері самокат жүргізушілері үшін енгізілген жаңа талаптар мен шектеулерді еске салды.

Басты өзгерістің бірі — 25 тамыздан бастап электросамокаттардың тротуармен жүруіне толықтай тыйым салынды.

🚨 Жолдың жүру бөлігімен қозғалу талаптары

Самокатпен жолдың жүру бөлігіне (проезжая часть) шығу үшін мына талаптарды орындау міндетті:

  • Жас шектеуі: Жүргізушінің жасы 18-ден асқан болуы тиіс.

  • Құжаттар: Кез келген санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы шарт.

  • Қорғаныс жабдығы: Баста арнайы шлем болуы керек.

  • Түнде жүру: Түнде және қараңғы уақытта үстіде жарық шағылыстыратын элементтер (жилет, наклейкалар) болуы талап етіледі.

🚫 Қатаң тыйым салынған әрекеттер:

  • Тротуармен жүру: 25 тамыздан бастап тротуарда самокат тебуге тыйым салынады.

  • Жолаушы мен жүк тасу: Самокатқа екі адамның мінуіне және көлемді жүктерді тасымалдауға болмайды.

  • Жаяу жүргіншілер өткелі: Жолды жаяу жүргіншілер өткелінен (зебра) өтерде самокаттан түсіп, оны жаяу жетектеп өту міндетті.

Оқи отырыңыз...

ЖЕҢІС САЯБАҒЫНДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА: ІС ҚАЙТА ҚАРАЛЫП ЖАТЫР

БОЛАШАҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ РЕАБИЛИТОЛОГТАРДЫ ТЕГІН ОҚЫТЫП ЖАТЫР

СЕЙСМОЛОГТАР БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІНІҢ ОШАҒЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ