Caspian News, 21 тамыз. Бас прокуратура сайлау заңнамасын бұзудың 8 дерегін анықтады. Оның ішінде қоғамдық пікірге заңсыз сурамнама жүргізу бойынша 3 жағдай және тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жүргізудің 5 фактісі тіркелген.
Заңбұзушылық жіберген азаматтарға 150 мың теңгеге дейін (шамамен $330) айыппұл салынды.
🚫 Сайлау алдындағы басты тыйымдар мен ережелер:
-
Тыныштық күні: Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына 22 тамыз сағат 00:00-ден бастап және 23 тамыз бойы толықтай тыйым салынады.
-
Бұрын жарияланған материалдар: Бұған дейін орналастырылған үгіт-насихат материалдарын өшіру міндетті емес, бірақ оларды сайттардың басты бетіне шығаруға немесе қайта жаңартуға болмайды.
-
Бюллетеньдерді түсіру: Дауыс беру күні толтырылған бюллетеньді фотоға, видеоға түсіруге және оны әлеуметтік желілерде немесе БАҚ-та таратуға қатаң тыйым салынады.
⚖️ Әкімшілік жауапкершілік
Тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жүргізгені немесе заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапты тұлғаның санатына байланысты 35 АЕК-ке дейін (151 мың теңге немесе $331) айыппұл қарастырылған.
