Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ЖЕКЕ КУӘЛІКТІ ЕНДІ АРНАЙЫ ТЕРМИНАЛ АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ

Caspian News, 20 тамыз. Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді цифрландыру аясында жаңа пилоттық жоба іске қосылады. 28 тамыздан бастап азаматтар төлқұжат пен жеке куәлікті арнайы биометриялық терминалдар арқылы өздігінен рәсімдей алады.

Арнайы құрылғылар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) орнатылады.

📌 Терминалды пайдаланудың маңызды шарттары:

Цифрлық терминал арқылы құжат ауыстыру үшін мынадай мерзімдік талаптар сақталуы тиіс:

  • Мерзімі аяқталуға жақын болса: Жеке куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталуына 30 күн немесе одан аз уақыт қалғанда;

  • Мерзімі өтіп кеткен болса: Құжаттың жарамдылық мерзімі өтіп кеткеніне 10 күннен аспаған жағдайда.

Оқи отырыңыз...

ҚЫЗЫЛҚОҒАЛЫҚТАР ДОМБЫРА КҮНІН АТАП ӨТТІ

АТЫРАУДА 30 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖАҢА ВЕЛОЖОЛАҚ САЛЫНАДЫ

Компания из Германии планирует открыть в Атырау свою лабораторию