Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

КӨКТАЙҒАҚТЫҢ ЗАРДАБЫ

Көктайғақ қала тұрғындарын әбігерге салды. Кешелі-бүгінді түрлі жарақат алып, облыстық аурухананың травматология бөлімшесіне түскен тұрғындардың саны артқан.

Облыстық аурухананың зақым-жарақат бөлімінің меңгерушісі Асхат Бисенғалиевтің айтуынша, соңғы екі күн ішінде 100-ге жуық адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Олардың көпшілігі білек, аяқ, омыртқа сүйектерінің сынығы және бас миының шайқалуы секілді жарақаттар алған.

Ауа-райының әсерінен ірілі-ұсақты жол-көлік оқиғалары да жиілеген. Облыс бойынша айтатын болсақ, олардың саны – 30-ға жуық. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУДА КӨЛІК БАСҚАРҒАН ЖАСӨСПІРІМ ЖОЛ АПАТЫНА ТҮСТІ

ҚАЗАҚСТАН ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФИЗИКА ОЛИМПИАДАСЫНДА 5 АЛТЫН ЕНШІЛЕП, ТАРИХИ РЕКОРД ОРНАТТЫ

Қазақстандықтарға өтемақы төлене ме – Еңбек министрлігі мәлімдеме жасады