Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

5G ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАУІПТІ МЕ? – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАУАБЫ

Caspian News, 17 тамыз. Заманауи ғылыми деректер белгіленген қауіпсіздік нормалары сақталған жағдайда 4G және 5G технологияларының адам денсаулығына зиян келтіретінін растамайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (СЭБК) хабарлауынша, осы жылы отандық мамандар 255-тен астам халықаралық ғылыми жарияланымды, соның ішінде метаталдаулар мен жүйелі шолуларды зерттеп шыққан.

🔬 Ғылыми зерттеулер қорытындысы

Ғалымдар 5G технологиясының адам ағзасына ұзақ мерзімді кері әсері бар екенін дәлелдейтін сенімді деректерді тапқан жоқ.

Сонымен қатар, радиожиілікті сәулеленудің әсерін зерттеу жұмыстары әлемдік деңгейде әлі де жалғасып жатыр.

🛡️ Қазақстандағы қауіпсіздік нормалары

Қазақстанда электромагниттік өрістердің деңгейі санитариялық-гигиеналық нормалармен қатаң реттеледі:

  • Шектеулі көрсеткіштер: Халық үшін рұқсат етілген сәулелену деңгейі саланы қызмет көрсететін мамандарға қарағанда әлдеқайда төмен белгіленген және жоғары қауіпсіздік қорын қарастырады.

  • Байланыс діңгектері (вышкалар): Белгіленген талаптар сақталған жағдайда, 4G/5G діңгектері мен жабдықтарының болуы адам денсаулығына қауіп төндірмейді.

📢 Ресми ескерту

СЭБК әлеуметтік желілерде мобильді байланыстың «зияны» туралы тарап жатқан тексерілмеген ақпаратқа сөнбеуге шақырады. Ведомство тек ресми мәліметтерге және ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сүйенуге кеңес береді.

Оқи отырыңыз...

Атырауда енесін сотқа сүйрейтін келін көбейген

ӨРКЕН ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШ АПТАДАН БЕРІ ГАЗСЫЗ ОТЫР

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРІКМЕНСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЖҮК ТАСЫМАЛЫ ЕКІ ЕСЕ АРТТЫ