Caspian News, 7 тамыз. Жылыой ауданында алғаш рет «Атырау» футбол клубы академиясының аудандық филиалы ресми түрде ашылды.
Осы айтулы оқиғаға орай Жылыой ауданының әкімдігі мен «Атырау» футбол клубы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Салтанатты іс-шараға Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов пен «Атырау» футбол клубының бас директоры Айбек Тлеужан қатысып, жас спортшыларға естелік сыйлықтар табыстады.
🟢 Жолдастық кездесу мен жаңа мүмкіндіктер
-
Қабылдау шарттары: Жаңадан ашылған филиалға 12 жасқа дейінгі балалар қабылданады.
-
Жолдастық матч: Меморандумға қол қойылғаннан кейін атыраулық және жылыойлық 2014–2015 жылы туған жасөспірімдер арасында тартысты жолдастық кездесу өтті.
Мансұр МҰРАТҰЛЫ, «Орталық стадион» командасының ойыншысы (№15 мектептің 7-сынып оқушысы): «Осы футболға қатысып жүргеніме 3 жыл болды. Бүгін біз «Орталық стадион» командасы «Атырау» футбол орталығының (ФЦ) командасымен ойнаймыз. Біз бұл ойынға көп дайындалдық. Мини-футбол ойнасақ та, үлкен футболға дайындалып, жеңіске жетуге деген мақсатымыз үлкен. Настроение өте жоғары!».
🎓 Сербиялық методика және бапкерлерді оқыту
Жаңа филиалда жергілікті бапкерлер қызмет атқарады. Олардың біліктілігін арттыру үшін арнайы оқыту бағдарламалары қарастырылған.
Қуаныш ҚАБДОЛОВ, «Атырау» футбол орталығының жетекшісі: «Құлсарыдан бапкерлерді Атырауға, өзіміздің «Атырау» футбол орталығына шақырып, тағылымдамадан (стажировкадан) өткіземіз. Жұмыс бірңғай методика бойынша жүргізіледі.
Жақын арада біз Сербияның «Црвена Звезда» командасымен ынтымақтастық меморандумына қол қойған болатынбыз. Осы тамыз айының соңында сербиялық координаторлар Атырауға келеді. Сол шараға Құлсарының бапкерлерін де шақырамыз. Олар халықаралық деңгейде тәлім алып, Жылыой ауданынан болашақ чемпиондарды тәрбиелеп шығарады деген сенімдеміз».
🌟 Легионерлерден шеберлік сағаты
Ашылу салтанаты аясында U-21 командасының ойыншылары, «Атырау» футбол орталығының бапкерлері, сондай-ақ «Атырау» ФК-ның сербиялық легионерлері Мато Станич пен Джордже Пантелич жас спортшыларға арнап шеберлік сағатын (master-class) өткізді. Кәсіби футболшылар балалармен бірге жаттығу жасап, майдан қыл суырғандай тәжірибелерімен бөлісті.
