Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Әлем жаңалықтарыБасты ақпаратЖаңалықтар

ТРАМП АҚШ-ТА ТУҒАНДАРҒА БІРДЕН АЗАМАТТЫҚ БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН ЖОЮҒА НИЕТТІ

Caspian News, 7 тамыз. АҚШ Президенті Дональд Трамп ел аумағында дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық беру (Birthright Citizenship) тәжірибесін тоқтатуға ниетті екенін мәлімдеді.

Ақ үйдегі Доғал кабинетте сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы бұл қағидатты түбегейлі қайта қарау қажеттігін атап өтті.

Дональд ТРАМП, АҚШ Президенті: «Меніңше, туу арқылы азаматтық берілетін әлемдегі жалғыз ел – АҚШ. Біз мұны тоқтатамыз».

🛑 «Босану туризміне» тосқауыл

Бұған дейін Дональд Трамп туу құқығы бойынша азаматтық алу жүйесін шектеуге бағытталған бірнеше жарлыққа қол қойған болатын.

Ақ үй әкімшілігінің өкілі Стивен Миллердің хабарлауынша, аталған бастамалардың басты мақсаттарының бірі – «босану туризмін» (birth tourism) тоқтату. Бұл шаралар АҚШ азаматтығын жеңіл жолмен алу үшін елге арнайы келіп босанатын шетелдіктердің мүмкіндіктерін заңнамалық деңгейде шектеуді көздейді.

Оқи отырыңыз...

ЗА ХИЩЕНИЕ 6 МЛРД ТЕНГЕ ОСУЖДЕНЫ СОТРУДНИКИ НЕФТЯНОЙ КОМПАНИИ АКТОБЕ

БИЫЛ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 10 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

С ЧЕГО НАЧНЕТСЯ ПРОЕКТ ПО ВЫРАБОТКЕ «ЗЕЛЕНОГО» ВОДОРОДА