Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Әлем жаңалықтарыБасты ақпаратЖаңалықтар

ЗЕЛЕНСКИЙ ТРАМПТАН 300 ЗЫМЫРАН СҰРАДЫ

Caspian News, 29 шілде. Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ Президенті Дональд Трамптан елдің энергетикалық инфрақұрылымын қыста қорғау үшін Patriot зениттік-зымыран кешендеріне арналған 300 шұғыл зымыран-ұстапғыш бөлуді өтінді. Бұл туралы Axios басылымының журналисі Барак Равидке берген сұхбатында Украина басшысы мәлімдеді.

Ақ үйде өткен кездесуде Трамп Анкарадағы НАТО саммитінде берген уәдесін растап, Украинаға Patriot зымырандарын өндіру лицензиясын беруге дайын екенін айтқан. Дегенмен, Зеленскийдің сөзінше, бұл өндірісті жолға қою үшін бірнеше жыл қажет, ал зымырандар Киевке қазір шұғыл түрде керек. Өз кезегінде Трамп бұл өтінішті орындау қиынға соғатынын меңзеген, өйткені Иранмен соғыс салдарынан АҚШ-тың өз қоры айтарлықтай азайған.

Сондай-ақ Axios басылымының хабарлауынша, украиндық және америкалық қорғаныс компаниялары балама шешім ретінде украиналық баллистикалық зымырандарды Patriot аналогына айналдыру мүмкіндігін зерттеп жатыр. Мамандардың бағалауынша, бұл әдіс анағұрлым арзан әрі жылдам болмақ. Былтырғы қыста Ресей әскерінің ЖЭО мен энергетикалық нысандарға жасаған соққылары Украинада жылу және электр энергиясының тапшылығына әкелген болатын.

Оқи отырыңыз...

КТК АРҚЫЛЫ 65,5 МЛН ТОННА МҰНАЙ ЭКСПОРТТАЛДЫ: 2024 ЖЫЛҒЫ КӨРСЕТКІШТЕН 9 МЛН ТОННАҒА АРТЫҚ

ТҰРҒЫН ҮЙ КООПЕРАТИВТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫ СОТТАЛДЫ

ТЕҢІЗ БАҒЫТЫ ҚАРАСТЫРЫЛМАЙДЫ: ҚАЗАҚСТАН ГЕРМАНИЯҒА МҰНАЙ ЖЕТКІЗУДІҢ АЛДЫНДАҒЫ ШЕКТЕУЛЕРДІ ЖАРИЯЛАДЫ