Caspian News, 29 шілде. Алматыда 2023 жылдан бері іздеуде жүрген 37 жастағы Қарағанды тұрғыны бейнебақылау камерасындағы бетті танып-білу (Face ID) жүйесінің арқасында қолға түсті. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, азамат 44 миллион теңгеден астам сомаға алаяқтық жасағаны үшін пробациялық бақылауда болған, бірақ тұрғылықты жерін өз бетінше тастап, жасырынып жүрген.
Тәртіп сақшылары оны үш жыл бойы іздестірген. Күдікті мегаполистегі супермаркеттердің бірінде бейнебақылау камерасының нысанасына ілігіп, интеллектуалды жүйе оның бейнесін іздеудегі тұлғалар базасымен сәйкестендірген. Сигнал түскен бойда полиция қызметкерлері оны жедел түрде ұстады.
Күдіктінің жеке басы толық расталғаннан кейін ол Қарағанды қаласына этаптамамен жөнелтілді. Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауда отыр, енді ол пробациялық бақылаудың күшін жою және оны нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру бойынша сот шешімін күтуде.
