Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
АймақтарАтырау жаңалықтарыЖаңалықтар

ТАЛДЫКӨЛДЕГІ МЕКТЕПТІҢ АПАТТЫ ЖАҒДАЙЫ АТА-АНАЛАРДЫ АЛАҢДАТЫП ОТЫР

Caspian News, 21 шілде. Атырау облысы, Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылындағы орта мектептің тозығы жеткені соншалық, бұл білім ордасында бала оқыту қауіпті болып тұр. 16 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген ғимараттың іші қақаған қыста суық, төбесінен су ағып, қабырғалары жарылған.

Былтыр ауылда кеміргіштер (тышқандар) қаптап, мектеп екі айға жабылған болатын. Ата-аналардың айтуынша, ғимарат ішінде әлі де өлі тышқандардың жағымсыз иісі қолқаны қабады, ал ағымдағы жөндеу жұмыстары тек «сылап-сырлаумен» шектеліп отыр.

🥶 🌧️ «Спорт зал салқын, төбеден су тамады»: Ата-аналар шағымы

Талдыкөл ауылының тұрғындары білім беру сапасы мен балалардың денсаулығына алаңдаулы:

🎙️ Жұмагүл СҰЛТАНОВА, ауыл тұрғыны:

«Жаңбыр жауып, қар ерісе, 3-қабаттан су ағып, төбенің бәрі ортаға құлап жатыр. Қыста спорт зал, асхана, акт залы жұмыс істемейді, жылу атымен жоқ. Қазіргі текущий ремонт тек үстіртін жасалып жатыр».

🎙️ Ақкенже САТАШЕВА, ауыл тұрғыны:

«Балалар көбіне онлайн оқиды. Мектептің ішіне кірсеңіз, астындағы подвалда шіріп жатқан тышқан иісінен демалу мүмкін емес. Тазалық та, дұрыс ремонт та жоқ».

💰 811 млн теңгенің жобасы неге тоқтап тұр?

Махамбет аудандық білім бөлімінің басшысы Венера Қабышеваның айтуынша, мектептегі бұл мәселеден жергілікті билік хабардар.

  • 📑 Жобалық құжаттама: 2026 жылға мектепке демеушілікпен реновация жасау үшін СМЕД әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жалпы күрделі жөндеу құны 811 миллион 805 мың теңгені құрайды.

  • 💳 Бөлінген қаражат: Бұл соманың 80 пайыз қаржысы, яғни 649 миллион 444 мың теңгесі аудан бюджетінің шотында тұр.

  • 🛑 Себебі: Наурыз айының соңында барлық құжат мемлекеттік сатып алу порталына жариялауға берілгенімен, рұқсат берілмей қалған. Облыстық білім басқармасы мұны бюджет қаржысының тапшылығымен түсіндіреді.

❓ Жаңа оқу жылында балалар қайда оқиды?

Аудандық білім бөлімі жаңа оқу жылы қарсаңында мектептің санитарлық жағдайына қатысты түпкілікті шешімді санитарлық-эпидемиолог мамандар (СЭС) қабылдайтынын жеткізді.

Егер мамандар ғимаратты талапқа сай емес және оқуға қауіпті деп тапса, оқу процесінің кейін қалай ұйымдастырылатыны әзірге белгісіз.

📊 Талдыкөл мектебі бойынша негізгі көрсеткіштер:

📋 Мәселелер мен Көрсеткіштер 🔢 Нақты деректер мен Сумма ⚙️ Ағымдағы мәртебесі
Соңғы күрделі жөндеу 16 жыл бұрын жасалған. • Ғимарат апатты жағдайда.
Реновацияның жалпы құны 811,8 млн теңге. • Сараптамадан өткен.
Шотта тұрған қаражат (80%) 649,4 млн теңге. • Госзакуп порталынан тоқтатылған.
Шешім қабылдайтын орган • Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет. • Оқу жылы алдында тексереді.

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ БАНКТЕРГЕ 469 МЛРД.ТГ ҚАРЫЗ

ЗАҒИП ЖАН КӨЗІ КӨРМЕЙТІН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 10 КІТАПША ШЫҒАРДЫ

В МАНГИСТАУ ЗАПУСТЯТ НОВУЮ ЖИЛИЩНУЮ ПРОГРАММУ ДЛЯ МОЛОДЕЖИ