Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
АймақтарАтырау жаңалықтарыЖаңалықтар

АТЫРАУЛЫҚ АНА БЕСІКТІ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА ҚАТЫСТЫ ӘДІЛДІК ТАЛАП ЕТЕДІ

Caspian News, 15 шілде. Атыраудағы Бесікті мектеп-интернатында тәрбиеленетін баланың анасы ұлының зәбір көргенін айтып, дабыл қақты. Оның сөзінше, ерекше тәрбиеленушіге мектеп ішінде өзге оқушылар күш көрсеткен. Алайда мектеп әкімшілігі бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.

🤕 Ата-ананың уәжі: «Денесінде көгерген іздер бар»

Зәбір көрді деген баланың анасы Меруерт Ділмұхашева оқиғаның наурыз айында болғанын және содан бері баланың мазасы қашқанын айтады.

🎙️ Меруерт ДІЛМҰХАШЕВА, ата-ана:

«13 наурыз күні үйге келгенде баламның екі көзі қызарып, арқасы ісіп, бетінің әр жері көгеріп келді. Сол күннен бастап баламның жағдайы қиындады. Чатта жазғанда директор мен күтуші жағдайды бірден жоққа шығарды. 14 наурызда травматологиялық пунктке апардым. Дәрігерлер бетінен соққы алғанын (ушиб) және басының әр жерінде жарақаты бар екенін растады. Әркім өзінің тиісті жазасын алсын деп талап етемін».

Анасының айтуынша, баланы апалы-інілі 8 және 3-сынып оқушылары соққыға жыққан: ұл бала оны итеріп жіберсе, қыз бала бетінен басқан.

🖥️ Бейнебақылаудағы ақау және директорға берілген жаза

Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде мектептегі бейнебақылау камераларының жұмыс істемей тұрғаны белгілі болды.

  • Жазбаның өшіп қалуы: 11 наурыз күнгі бейнебақылау жазбасы техникалық ақауларға байланысты сақталмаған. Бұл факт арнайы актімен рәсімделді.

  • 👩‍ды Директордың ұстанымы: Екінші тарап ретінде мектеп директоры ата-ананың сөзін жалған деп есептейді және камера алдында сұхбат беруден бас тартты.

  • ⚖️ Тәртіптік шара: Облыстық білім беру басқармасының шешімімен, өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін мектеп директоры Лида Кушеноваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза берілді.

👮 Полиция департаменті мен ресми органдардың әрекеті

Атырау облыстық Полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу амалдарын бастап кетті.

🎙️ Дина МАҚСОТОВА, Атырау облыстық ПД Ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы:

«Аталған факт бойынша тиісті тергеу жұмысы жүргізіліп, оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардан түсініктеме алынды. Оқиғаның мән-жайын жан-жақты қарау және алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында білім сапасын қамтамасыз ету департаментіне тиісті хат жолданды. Білім беру ұйымына бақылау жүйесінің үздіксіз және сапалы жұмысын қамтамасыз ету бойынша ұсыным берілді».

📊 Бесікті мектеп-интернатындағы жағдай мен статистика:

🏫 Мекеменің ерекшелігі 🩺 Балаға көрсетілетін көмек ⚖️ Қабылданған құқықтық шаралар
• Мұнда әлеуметтік аз қамтылған және «Психикалық дамуы тежелген» (ПДТ) балалар аптасына 5 күн жатып оқиды. • Денсаулық сақтау басқармасына балаға медициналық әрі психологиялық көмек көрсету туралы ресми хат жолданды. • Мектеп директоры Л. Кушеноваға Еңбек кодексінің 64-бабы бойынша «ескерту» тәртіптік жазасы берілді;• Полиция тергеу жүргізуде.

Қазіргі таңда әр тараптың өз уәжі бар. Істің ақ-қарасын құқық қорғау органдары мен арнайы тексеріс қорытындысы анықтайтын болады.

Оқи отырыңыз...

ОБВИНЕНИЕ ПО ДЕЛУ ЯНЫ ЛЕГКОДИМОВОЙ УЖЕСТОЧЕНО

ЗАҢГЕРЛЕР ТЕГІН КЕҢЕС БЕРДІ

ЖАНДЫ ДАУЫСТАҒЫ БАЙҚАУ