Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Исатай ауданында дзюдо күресінен халықаралық турнир өтті. Ауданның құрметті азаматы Бақтығали Ғұбайдуллинді еске алуға арналған жарыс, осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Турнир облыс құрамасында ел намысын қорғап жүрген исатайлық екі балуанға ҚР-ның «Спорт шебері» куәлігін тапсырумен басталып, кейін палуандардың жекпе-жегіне ұласты. Жалпы өткен жылмен салыстырғанда биыл жарысқа қатысушылар саны екі есе көп. Оған еліміздің және көршілес Ресей, Өзбекстан, Беларусь және Грузия елдерінен бас аяғы 400-ден астам палуан қатысты.

 

Оқи отырыңыз...

«Бақытты отбасы» бойынша жеңілдетілген баспананы кімдер ала алады? (видео)

ЖҮРГІЗУШІЛЕР ЛЕГАЛИЗАЦИЯ МЕРЗІМІН ҰЗАРТУДЫ ТАЛАП ЕТТІ

ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ БІРЛЕСКЕН НАНОСПУТНИГІ ҒАРЫШ ОРБИТАСЫНА ШЫҒАРЫЛДЫ