Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АЛҒАШҚЫ АЯЗДЫҢ ӘЛЕГІ

Бүгін таң атқалы Атыраудағы көлік жөндеу орталықтары қызу жұмысқа кірісті. Оған түнімен жауған жаңбырдың артының көктайғаққа ұласуы себеп. Орталық қызметкерлері көліктің көптігінен жазғы дөңгелектерді ауыстыруға әрең үлгеріп жатыр.

Қалалық коммуналдық қызмет те өз жұмысына білек сыбана кіріскен. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін шаhардағы алты көпір мен көшелерге құм себу үшін 28 мамандандырылған техника жұмылдырылды. Одан бөлек, қала жолдарында 200-ге жуық жұмыскер қызмет жасауда.

Сондай-ақ, Атырау-Құлсары мен Атырау-Орал тас жолдарында да көктайғақтың кесірінен көліктердің жол жиегіне шығып кету деректері тіркелді. Ал қалада мұздың салдарынан 12 жол-көлік оқиғасы болып, облыстық ауруханадағы зақым-жарақат таңу бекетінің көмегіне онға жуық адам жүгінген.

Оқи отырыңыз...

«ГАЗПРОМНЫҢ» ТАЗА ҚАРЫЗЫ 6 ТРИЛЛИОН РУБЛЬГЕ ЖЕТТІ

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНДА 112 АДАМ РЕПРЕССИЯҒА ҰШЫРАҒАН

АТЫРАУДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТАЛҚЫЛАНЫП, АУДАН ӘКІМДІКТЕРІ СЫНҒА АЛЫНДЫ