Жайықты мекендеген жалғыз аққу! Ұяластарынан бөлініп, әбден әлсіреп қалған құс төресін ең алдымен Талдыкөл ауылының тұрғындары байқап, құтқарушыларға хабарлаған. Айтуларынша, олар құсты қарсақтың шабуылынан қорғап, жылы жерде асырап-баққан. Сұлулық нышанына айналған қанатты қазір Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарының қарауында. Жалпы, инспекторлар жыл басынан бері тұрғындардың көмегімен сегіз аққу, төрт торғай тәріздес тентекқұс пен бір жапалақты аман алып қалған.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0