Атырауда жаңа мәдениет үйі бой көтерді! Тұңғыш Президент күніне орай қала маңындағы Жаңаталап ауылынан ашылған ғимаратты NCOC компаниясы салған. 200 орындық мәдени нысанның бірінші қатарында сахна, әкімшілік-техникалық бөлмелер, көрермендер залы, реквизиттер және гримдеу кабинеттері, сондай-ақ, кітапхана орналаспақ. Ал екінші қабатта шеберханалар мен басқа да кабинеттер, сонымен қатар, операторлық және дыбыс пен жарық беру жабдықтарына арналған бөлмелер болады,- дейді мамандар. Ғимарат қажетті қосалқы және көмекші жабдықтармен — жылыту қазандығымен, жиынтықты қосалқы стансамен қамтамасыз етілген, айналасы да абаттандырылған. Айта кетейік, бұл — соңғы екі жыл ішінде компания қаражатына салынған үшінші мәдениет үйі.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0