Мұнай-газ саласының болашақ мамандарын дайындау үшін бірыңғай стандарт енгізіп, оны сертификаттау керек. «АПЕК Петротехник» жоғарғы мектебінде өткен индустриялық Кеңестің бесінші отырысының басты тақырыбы осы болды. Жиынға ірі мұнай-газ және мұнай сервистік компанияларының басшылары, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы, «Қазэнерджи» қауымдастығы мен Атырау облысы әкімдігінің өкілдері қатысты. Көтерілген тағы бір басты мәселелердің бірі — халықаралық орталықтар бағдарламасының біздің елдің нормативтік-құқықтық актілеріне бейімделмеуі болды. Қатысушылардың айтуынша, АПЕК Петротехник заманауи талаптарға сай келетін жалғыз оқу орны.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0