Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
АймақтарАтырау жаңалықтарыЖаңалықтар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ АТЫРАУДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ ЕГІЛДІ

Caspian News, 10 маусым. Атырау қаласында көгалдандыру және жасыл желектерді көбейту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері шаһар аумағында 2 мыңнан астам көшет отырғызылды. Мамандардың айтуынша, егілген ағаштардың барлығы жергілікті климаттың қатаңдығына төзімді, көпжылдық өсімдіктер.

Қазіргі уақытта қаладағы жасыл желектерді күтіп-баптауға «Каспийдормострой» ЖШС жауапты. Серіктестіктің теңгерімінде 96 мыңға жуық ағаш, 11 мың шаршы метрден астам гүлзар және арнайы суару жүйелері бар. Ауқымды жұмыстар аймақтың экологиялық жағдайын жақсартып, ауадағы шаң-тозаң мөлшерін азайтуға септігін тигізбек.

Қаланың қай аймақтарына қандай ағаш егілді?

Атырау қалалық ТҮКШ бөлімінің абаттандыру және көгалдандыру секторының меңгерушісі Мәулен Саламатовтың мәлімдеуінше, көшеттер қала орталығы мен маңындағы ауылдарға кезең-кезеңімен отырғызылған:

  • Жастар саябағы: 200-ге жуық шырша;

  • Жеңіс саябағы: 120-ға жуық қарағай;

  • Әбілқайыр хан даңғылы (Әуежай маңы): 250-ге жуық қарағай;

  • Балықшы саябағы: 500 дана «Мацудана» талы (ива мацудана);

  • Облыс әкімдігі айналасы: 330-ға жуық ерен (ясен) ағашы;

  • Исатай-Махамбет алаңы мен Геолог емханасы маңындағы саябақ: Барлығы 300-ге жуық көшет;

  • Ауылдық округтер: Жаңаталап ауылында – 200, Дамбы ауылында – 120 ағаш егіліп, күтіп-баптау жұмыстары басталды.

Болашаққа жоспар: Көгалдандыру аумағы жүздеген гектарға ұлғаяды

2026-2027 жылдарға арналған қала әкімдігі мен жергілікті ірі компаниялар арасындағы меморандум аясында жасыл желек аумағын айтарлықтай кеңейту жоспарланып отыр.

Ауылдық округтер бойынша егілетін жаңа орман алқаптарының көлемі:

Ауылдық округтер Жоспарланған аумақ (гектармен)
Қайыршақты ауылдық округі 122 га
Еркінқала ауылдық округі 50 га
Кеңөзек ауылдық округі 41 га
Атырау ауылдық округі 32 га
Дамбы ауылдық округі 15 га
Алмалы ауылдық округі 9 га

Қазіргі уақытта аталған аймақтарда тиісті жер телімдері толықтай белгіленіп, ағаш егуге арналған дайындық жұмыстары басталып кетті.

Оқи отырыңыз...

ОТРАВИЛАСЬ УГАРНЫМ ГАЗОМ

ГИБЕЛЬ РЫБЫ : ДОПРОС СВИДЕТЕЛЕЙ (видео)

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛА