Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
АймақтарАтырау жаңалықтарыЖаңалықтар

АТЫРАУЛЫҚ САДАҚШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Caspian News, 10 маусым. Түркияның Ыстанбұл қаласында дәстүрлі садақ атудан өткен халықаралық «FETIH KUPASI» турнирінде атыраулық мергендер жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына жүлде салды.

Биылғы дүбірлі додаға әлемнің 40 елінен 500-ден астам спортшы қатысып, бақ сынасты. Нағыз мықтылар жиналған бәсекеде отандастарымыз үздіктер қатарынан көрінді.

Жарыс нәтижелері:

  • Жәнібек Саламатұлы — кіші пута нысанасы бойынша (50 метр қашықтық) алтын медаль иегері (Чемпион).

  • Әли Сесигюзел — жамбы ату сайысында (30 метр қашықтық) қола жүлдегер.

Жеңімпаздар лебізі:

Екі жылдық үзіліссіз дайындықтың арқасында бас жүлдені бағындырған Жәнібек Саламатұлы жарыстың оңай болмағанын жеткізді:

«Жарысқа осымен екінші рет қатысып жатырмын. Екі жыл дайындықтың нәтижесі деп білеміз. Былтырғыға қарағанда конкуренция өте мықты болды. Өткен жылы 1/16 финалдан өте алмаған едім, биыл өз нәтижемді көтеріп, финалда алтын алу бұйырды».

Ал қола жүлдегер Әли Сесигюзел финалдық кезеңдердегі тартысты былай сипаттады:

«Жарыс өте қызықты және тартысты өтті. Біздің мергендердің мықтылығы сондай — финалда тек қазақтармен атыстық. Былайша айтқанда, қазақтар мен қырғыздардың өзара бәсекесі болды деуге болады. Нәтижесінде 8 кубокты біздің құрама қанжығасына байлады».

Алдыда үлкен меже

Халықаралық аренада ел намысын асқақтатқан спортшыларды туған жерінде — әуежайдан туыстары, достары мен әріптестері салтанатты түрде күтіп алды.

Атыраулық мергендер бұл жетістікпен тоқтап қалмақ емес. Ендігі кезекте олар биыл Қырғызстанда жалауы желбірейтін 6-шы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысып, ел намысын қорғауды жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз...

ЖОҒАЛҒАН БАЛА – ЖҰРТТЫҢ ІЗДЕУІНДЕ

«ПРОРВА» ЖӘНЕ «АСТРАХАНЬ» ЛАГЕРЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰЖАТТАР ЕЛГЕ ЖЕТКІЗІЛДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 54,19% ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНДЫ