Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

КҮЗГІ МҰЗ — ҚАУІПТІ

Ауа температурасы төмендеп, Жайық өзені қатқанымен, ондағы мұздың жұқалығы балықшылар мен жаяу жүргіншілер үшін қауіп тудырып отыр. Осыған орай, Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы рейдтік шара өткізді. Құтқарушылар тұрғындар мен балықшыларға қауіпсіздік ережелері жазылған парақшаларды таратып, мұз бетіне шықпау керектігін қатаң ескертті. Қазіргі кезде Жайық өзенінің қала ішіндегі қауіпті аймақтарына 20-ға жуық «мұздан өтуге тыйым салынады» деген ескерту белгілері орнатылған.

Оқи отырыңыз...

БУРАБАЙДА ATYRAU AVENUE ҚОНАҚҮЙІ АШЫЛДЫ

МАҢҒЫСТАУДА 10 МЫҢ АДАМ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Атыраулық полицейлерге тұрмыста зәбір көргенін айтып 5800 адам хабарласқан