Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
АймақтарАтырау жаңалықтарыЖаңалықтар

АТЫРАУДАҒЫ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІН ҰШЫРДЫ

Caspian News, 25 мамыр. Бүгін, 25 мамыр — мектеп бітіруші түлектер үшін қимастық пен үмітке толы ерекше күн. Дәл осы күні еліміздің барлық білім ордаларында соңғы қоңырау соғылып, жас буын үлкен өмірге жолдама алады. Мәселен, Атырау қаласында пайдалануға берілгеніне бір жылдан асқан, заманауи үлгідегі жаңа №50 орта мектебі биыл өзінің алғашқы 53 түлегін салтанатты түрде ұясынан ұшырды. Қара шаңырақта дәстүрге сай мерекелік жиын өтіп, алғашқы қарлығаштар үшін соңғы қоңырау сыңғырлады.

Түлектер арманы: Астанаға бағыт

Жаңа мектептің алғашқы бітірушілері білім сапасы тұрғысынан жоғары нәтиже көрсетіп, болашақ жоспарларын айқындап үлгерген.

Раушан Көпжан, мектеп бітіруші түлек:

«Мен нөмірі 50-ші орта мектептің 11 «Ә» сыныбында оқимын. Осы білім ордасында «Үздік аттестатқа» басты үміткерлердің бірімін. Алдағы ең маңызды жоспарым — Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) жоғары балл жинап, елордамыз Астана қаласындағы беделді жоғары оқу орнына оқуға түсу. Өзіммен бірге мектеп бітіріп жатқан барлық замандастарыма ақ жол, сәт сапар тілеймін! Әрқайсысының қалаған мамандықтары мен армандаған оқу орындарының студенті атануына тілектеспін».

Атырау облысы бойынша білім беру статистикасы (2025-2026 оқу жылы):

Көрсеткіштер мен санаттар Оқушылар мен түлектер саны
11-сыныпты бітіруші жалпы түлектер 8 000-нан астам
«Алтын белгіге» үміткерлер 252 түлек
«Үздік аттестатқа» үміткерлер 445 түлек
9-сыныпты тәмамдаушылар 13 906 оқушы
Қазақ тілінде білім алушылар (облыс бойынша) 79 мыңнан астам
Орыс тілінде білім алушылар (облыс бойынша) 4 мыңнан астам
Аралас тілде білім алушылар (облыс бойынша) 56 мыңнан астам

Жасанды интеллект және қауіпсіздік: Басқарма жоспары

Өңірдің бас ұстазы биылғы оқу жылының ерекшеліктеріне тоқталып, алда тұрған жауапты кезеңдер мен білім саласындағы ауқымды реформаларды атап өтті.

Марат Әбуов, Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы:

«Қазіргі уақытта білім басқармасы тарапынан бірнеше маңызды бағытта кешенді жұмыстар атқарылуда. Ең бірінші кезекте — балалардың ҰБТ-сын жоғары деңгейде ұйымдастыру, оларды жазғы сауықтыру лагерьлерімен және демалыспен қамту, сондай-ақ жаз айларындағы қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ету мәселесі тұр.

Биылғы оқу жылы біз үшін өте ерекше басталды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Тамыз кеңесіне арнайы қатысып, ұстаздар қауымына сәттілік тіледі. Мемлекет тарапынан мұғалімдерге қашан да қолдау бар екенін және білім беру саласының ел болашағы үшін маңыздылығын қадап айтты. Сондай-ақ, жақында ғана білім беру жүйесіне Жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізу жөніндегі маңызды Жарлыққа қол қойылды. Бұл отандық мектептердің цифрлық әлеуетін мүлдем жаңа деңгейге көтереді».

Халықаралық аренадағы жетістіктер

Атыраулық оқушылар үшін бұл оқу жылы үлкен жеңістер мен жоғары белестерге толы болды. Жыл бойы жергілікті дарындар республикалық және халықаралық білім бәсекелерінде өңір мерейін үстем етті.

Мәселен, халықаралық олимпиадалар мен әлемдік деңгейдегі ғылыми жобаларға қатысқан 50 атыраулық оқушының 28-і жүлделі орындардан көрінсе, республикалық деңгейдегі түрлі зияткерлік байқауларға қатысқан 306 оқушының 144-і жеңімпаз атанып, алтын, күміс тұғырларға көтерілді.

Соңғы қоңырау салтанаты аяқталғанымен, түлектер үшін демалыс уақыты әлі басталған жоқ. Алда оларды мектеп қабырғасындағы мемлекеттік бітіру емтихандары мен жоғары оқу орнына грант ұтып алу мүмкіндігін беретін сындарлы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) күтіп

Оқи отырыңыз...

В Актау родился малыш-рекордсмен весом более 6 кг

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ 5 683 ОҚУШЫ ҮШІН ҚОҢЫРАУ СОҢҒЫ РЕТ СОҒЫЛДЫ

Когда и где в Казахстане переведут время на один час назад (проект постановления)