Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
АймақтарАтырау жаңалықтарыЖаңалықтар

«TURGYNDAR AMANATY»: ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУГЕ ЖҰМЫСТАНБАҚ

Caspian News, 19 мамыр. «Amanat» партиясының өкілдері Атырау қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін жедел шешу мақсатында нақты іске кірісті. Партиялықтар Азаттық даңғылындағы №60 үй тұрғындарымен арнайы көшпелі жиын өткізді. Басқосу «Turgyndar Amanaty» жобасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Бұл бастама — тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және көпқабатты тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіруді көздейтін, партияның сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі. Себебі бұл ауқымды жоба қала халқының күнделікті өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді.

Тұрғындарды не мазалайды?

Ашық диалог форматында өткен кездесуде Азаттық даңғылындағы үй тұрғындары өздерін ұзақ уақыттан бері мазалап жүрген түйткілдерді ортаға салды. Олардың ішіндегі ең өзектілері:

  • Аула қауіпсіздігі мен жарықтандыру мәселесі;

  • Көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру;

  • Балалар ойын алаңқайларын талапқа сай күтіп ұстау;

  • Коммуналдық қызмет көрсететін және басқарушы ұйымдардың жауапкершілігін арттыру.

Партия өкілдері бұл мәселелерді шешу үшін тұрғындар, Мүліктенушілердің бірлестігі (МИБ/ОСИ), Пәтер иелерінің кооперативі (ПИК/КСК) төрағалары және жауапты мемлекеттік мекемелер арасында тұрақты әрі жүйелі диалог орнатуды мақсат етіп отыр.

Арнайы жобалық кеңсе жұмыс істейді

Көпқабатты үй тұрғындарының арыз-шағымдары мен ұсыныстары жай ғана қағазда қалмай, олардың орындалуы жіті қадағаланатын болады.

Бейбіт Мырзағалиев, «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы:

«Біз Атырау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен жүйелі түрде кездесуді бастап кеттік. Арнайы бекітілген кесте мен жоспарға сәйкес, әрбір көпқабатты үйге барып, ПИК (КСК), МИБ (ОСИ) өкілдерімен жүздесеміз. Осы мақсатта “Amanat” партиясының жанынан арнайы жобалық кеңсе жұмыс істейтін болады. Оған тиісті білікті мамандар тартылады. Басты мақсатымыз — тұрғындардың мұң-мұқтажы мен өтініштерін бір арнаға жинақтап, партиялық бақылау құралдары арқылы олардың оңтайлы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Turgyndar Amanaty» жобасы аясындағы мұндай көшпелі кездесулер шаһардағы барлық көпқабатты үйлерді қамтып, коммуналдық саланың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға септігін тигізбек.

Оқи отырыңыз...

МНОГОЭТАЖНЫХ ЖИЛЫХ ДОМОВ ПО САТПАЕВА ЖДЕТ «РЕСТАЙЛИНГ»

93 МАКАТСКИЕ СЕЛЬХОЗСТРУКТУРЫ ПРИМУТ УЧАСТИЕ В ОНЛАЙН ЭТАПЕ НАЦИОНАЛЬНОЙ ПЕРЕПИСИ

КТК-ҒА ҚАТЫСТЫ ПІКІРЛЕР БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ