Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
АймақтарЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтары

БИЫЛ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА 2 ЖАСӨСПІРІМ СУИЦИД ЖАСАҒАН

Caspian News, 19 мамыр. Маңғыстау облысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы қайғылы жағдайлардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау мәселесі басты назарға алынды. Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті көшпелі отырысында мәлім болғандай, аймақта былтыр 5 жасөспірім суицид жасаса, үстіміздегі жыл басталғалы бері 2 кәмелетке толмаған бала өз-өзіне қол жұмсаған.

Ауқымды басқосуда өңірдегі балалар қауіпсіздігі, суицид пен буллингтің (қорқытудың) алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау шаралары қызу талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев төрағалық етіп, мемлекеттік органдар мен салалық басқармалардың басшылары және комиссия мүшелері қатысты.

«Бұл — тек мемлекеттік органның емес, қоғамның мәселесі»

Комиссия төрағасы бұл бағыттағы жұмыстардың тек облыс орталығымен шектелмейтінін, әрбір аудан мен ауылдағы шынайы жағдайды анықтау үшін жұмыс топтары жергілікті жерлерге баратынын жеткізді.

Аббат Өрісбаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

«Бұл басталған көшпелі отырыстар алдағы уақытта міндетті түрде жалғасын табады. Келесі кезекте Мұнайлы ауданында, Жаңаөзен қаласында және жалпы облыстың бүкіл аудандарында арнайы жиындар өткіземіз. Мұндағы басты мақсат — барлық ведомствоаралық мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге өңірлерді тікелей аралап, орын алып отырған мәселелердің тамырын ұғыну, қандай көмек пен қолдау қажет екенін анықтау. Жалпы, бұл — тек қана мемлекеттік органның емес, бүкіл қоғам болып бірлесе шешетін ең өзекті сұрақтардың бірі».

Жауапты тұлғаларға қатаң тапсырмалар жүктелді

Отырыс барысында комиссия мүшелері, психологтар мен сала мамандары балалар арасындағы суицидтің алдын алу үшін мектептердегі психологиялық қызметті күшейту, әлеуметтік желілердегі қауіпті топтарды бұғаттау және ата-аналармен ағарту жұмыстарын жүргізу төңірегінде өз ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары жауапты басқармалар мен мекеме басшыларына кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша нақты және шұғыл тапсырмалар жүктеді. Нақты бақылау шаралары алдағы уақытта күшейтілетін болады.

Оқи отырыңыз...

С начала года компания ТШО реализовала около 2 млн. тонн серы

АТЫРАУСКОМУ УНИВЕРСИТЕТУ ИМ. ХАЛЕЛА ДОСМУХАМЕДОВА — 85 ЛЕТ!

ГОРОД НУЖДАЕТСЯ В ПАРКОВКАХ