Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
АймақтарАтырау жаңалықтарыБасты ақпаратБілімҒылымЖаңалықтар

«ҒАЛЫМ. ЖУРНАЛИСТ. КӨШБАСШЫ»: АТЫРАУДА ҚЫЛЫШБАЙ СҮНДЕТҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Caspian News, 5 мамыр. Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері Қылышбай Сүндетұлының рухына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.

Өңірлік баспасөз тарихын түгендеген тұлға

Шараға еліміздің әр өңірінен жиналған ғалымның әріптестері мен шәкірттері қатысып, тұлғаның ғылым мен қоғам өміріндегі еңбегін жоғары бағалады. «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Мұхтар Әбілсейіт шәкіртінің ғылымға қосқан үлесіне ерекше тоқталды:

«Қылышбай Сүндетұлы – қазақ баспасөзінің тарихын, әсіресе батыс өңіріндегі журналистиканың дамуын архив деректері негізінде зерттеген ғалым. Ол Ресей мен Қазақстан архивтерін ақтарып, репрессияға ұшыраған журналистер мен газет редакторлары туралы құнды мәліметтерді ғылыми айналысқа қосты. Артына ондаған кітап пен сүбелі зерттеулер қалдырды», — деді Мұхтар Әбілсейіт.

Жаңа еңбектердің тұсаукесері

Семинар аясында екі бірдей құнды еңбектің тұсауы кесілді:

  • «Кітап туралы кітап» — Қылышбай Сүндетұлының қазақ журналистикасының даму кезеңдеріне арналған соңғы зерттеулерінің бірі;

  • «Қылыштың қыналы жыры» — автор Мақсат Тәжімұраттың ғалымның ғибратты ғұмыры мен шығармашылығы туралы жазған кітабы.

Мемориалдық кабинет ашылады

Жиын барысында ғалымның есімін ұлықтау мақсатында маңызды бастама көтерілді. Университет қабырғасынан Қылышбай Сүндетұлына арналған мемориалдық кабинет ашу ұсынысы айтылып, оны салалық кәсіподақ комитетінің өкілдері толық қолдады.

Қылышбай Сүндетұлы 70 жасқа қараған шағында өмірден озса да, оның журналистика мен тарих ғылымындағы қолтаңбасы өшпек емес. Бұл семинар ғалымның бай мұрасын келер ұрпаққа насихаттаудың тағы бір қадамы болды.

Оқи отырыңыз...

12 МАУСЫМ – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

НОВОРОССИЙСК АРҚЫЛЫ ЭКСПОРТТАЛАТЫН ҚАШАҒАН МҰНАЙЫНЫҢ КӨЛЕМІ 18 МЛН.ТОННАҒА ДЕЙІН АРТПАҚ

АССЕНИЗАТОР КӨЛІКТЕРІНІҢ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ЖАУАПТЫ ОРЫНДАРҒА ТАЛАП ҚОЙДЫ