Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
АймақтарАтырау жаңалықтарыБасты ақпаратЖаңалықтарҚылмыс

«БЕКІРЕ-2026»: БІР АЙДА ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАРҒА 14,7 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Caspian News, 5 мамыр. Еліміздің батыс өңірлерінде өтіп жатқан «Бекіре-2026» кең ауқымды акциясының алғашқы айы қорытындыланды. Уылдырық шашу кезеңінде балық қорын қорғауға бағытталған шара барысында жүздеген заң бұзушылық анықталды.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, акция басталғалы бір ай ішінде 669 заң бұзушылық тіркелген. Оның ішінде:

  • Атырау облысында – 452 факті;

  • Маңғыстау облысында – 105 факті;

  • Батыс Қазақстан облысында – 112 факті.

Тәркіленген мүлік пен айыппұлдар Инспекцияның баспасөз хатшысы Рүстембек Қорқытовтың айтуынша, заңсыз ауланған 357 келі бекіре тұқымдас балық, 3 келі 274 грамм уылдырық, сондай-ақ 79 балық аулау құралы мен 63 су көлігі тәркіленді.

«Браконьерлік және сирек кездесетін балық түрлерін заңсыз ұстау фактілері бойынша 21 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға жалпы сомасы 14,7 млн теңге айыппұл салынды», – деп атап өтті Р. Қорқытов.

Күшейтілген бақылау Қазіргі уақытта 485 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Табиғатты қорғау және құқық қорғау органдары бекіре тұқымдас балықтардың еркін көшуіне жағдай жасау үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, «Бекіре-2026» акциясы 31 мамырға дейін жалғасады. Бұл кезеңде балық аулау ережелерін сақтау және табиғатқа зиян келтірмеу аса маңызды.

Оқи отырыңыз...

AKTAU DIALOGUE ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«Дін және қоғам» ток-шоуы. «Терроризмге қарсы күрес — ортақ міндет»

АЖЫРАСУ АЗАЙМАЙ ТҰР