Жаңалықтар

КЕЛІМСЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН КВОТА

Атыраулық бес мың кәсіпкерге шетелдік жұмыс күшін тарту ережелері түсіндірілді. Бұл жұмыстарды көші-қон полициясы, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бағдарламасы, қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі, сондай-ақ, мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қаладағы сауда орталықтарында біріге отырып жүргізді. Негізі заң бойынша маманданбаған жұмыс күшіне тарту — еңбек квотасы арқылы жүзеге асады. Шетелден жұмысшы тарту үшін жұмыс беруші мемлекетке 800 мың теңге төлеуі тиіс. Жалпы, биыл Атырау облысына мамандандырылмаған еңбекшілерді тарту үшін 10 мыңға жуық квота бөлініп, оның сегіз мыңы игеріліпті.

Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта кәсіпкерлермен кездесу қаладағы Орта Азия елдерінен келген заңсыз жұмыс жасайтын қызметкерлері бар сауда орындарының барлығында өтеді. Басты мақсат – облыс орталығындағы келімсектердің санын азайтып, жергілікті азаматтарды жұмыспен қамту.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *