Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Каспийде браконьерлердің ауына түсіп қалған итбалықтар құтқарылды

Маңғыстаулық инспекторлар браконьерлердің ауына түсіп қалған итбалықтарды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «7-8 қарашада Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Каспий теңізінің акваториясындағы Маңғышлақ архипелагының аралдарында рейдтік шаралар өткізді», — делінген комитеттің Фейсбуктегі парақшасында.

Нәтижесінде ұзындығы 300 метрдан астам ау табылып, олардың бірінен 2 итбалық құтқарылып, қайта теңізге жіберілді. Сонымен қатар 14 бекіре тұқымдас балық құтқарылды.

Дереккөз: inform.kz

Оқи отырыңыз...

Назарбаев «Нұр Отан» съезінің соңында көзіне жас алды (видео)

МОЛОДЕЖНЫЙ ЛАГЕРЬ СОБРАЛ В МАКАТЕ ЕДИНОМЫШЛЕННИКОВ ИЗ РАЙОНОВ ОБЛАСТИ

ТРАМП БАСТАМАСЫ: ГАЗАНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ 5 МЛРД ДОЛЛАР БӨЛІНБЕК