Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА БЕНЗИН МЕН КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ БАҒАСЫНА МОРАТОРИЙ ЖОЙЫЛУЫ МҮМКІН

Caspian News, 19 наурыз. Қазақстан үкiметi мұнай өнімдері мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТҮКШ) тарифтерін либерализациялау мәселесін қайта қарастыруда. Ресми шешім әлі қабылданбағанымен, сарапшылар бағаны жасанды түрде ұстап тұру кезеңі аяқталуға жақын екенін ескертеді.

Экономист Жәнібек Айғазиннің пікірінше, ұзақ уақыт бойы бағаны төмен деңгейде сақтау нарықтағы теңгерімсіздікке (дисбалансқа) алып келді. Қазіргі тарифтер мұнай өңдеу зауыттарының шығындарын жаппайды. Мұнай өндіруші компанияларға шикізатты ішкі нарыққа арзанға сатқаннан көрі, оны экспортқа шығару әлдеқайда тиімді болып отыр. Бұл ішкі нарықта тапшылық қаупін тудырады.

Әлемдік нарықтағы ахуал да ішкі бағаларға қысым көрсетуде. Brent маркалы мұнайдың баррелі 100 АҚШ долларынан асып түсті. Жаһандық мұнай тасымалының негізгі күре тамыры саналатын бұғаз арқылы жеткізілімдердің іркілу қаупі бағаны шарықтатып жіберді.

Егер тарифтер нарықтық деңгейге көтерілсе, бұл коммуналдық қызметтер сапасын жақсартуға және мұнай саласына инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Алайда, бұл инфляцияның өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайына салмақ салуы мүмкін.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *