Жаңалықтар

АТЫРАУДА СЕРДАЛИЕВТЕР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛІП ДАУЫС БЕРДІ

Caspian News, 15 наурыз. Атырау қаласында өтіп жатқан референдумда тұрғындар ерекше белсенділік танытуда. Солардың бірі — өңірге белгілі, бірлігі жарасқан Сердалиевтер әулеті. Үлгілі отбасы №227 референдум учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

Биылғы саяси шараның Амал мерекесімен тұспа-тұс келуіне байланысты, Сердалиевтер әулеті сайлау учаскесіне ұлттық нақыштағы киімдермен келген. Бұл қадам қатысушылар мен комиссия мүшелеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Әулеттің үлкені Тәттіғали Сердалиев референдумның маңыздылығына тоқталып, азаматтық ұстанымын білдірді:

«Бұл — еліміздің болашағын айқындайтын маңызды сәт. Референдумға қатысып, өз дауысымызды беру — әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Біз бүгін ұрпағымыздың ертеңі мен мемлекетіміздің тұрақтылығы үшін дауыс бердік. Шаңырағымыздағы бірлік пен елдегі тыныштық әрқашан баянды болсын», — деді ақсақал.

Айта кетейік, Атырау облысында референдумға отбасымен келіп, дауыс берушілер қатары сағат санап артып келеді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *