Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ СҰМДЫҚ ОҚИҒА: ҚОҚЫС КОНТЕЙНЕРІНЕН НӘРЕСТЕНІҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ

Caspian News, 6 ақпан. Семей қаласында тұрғындарды шошытқан жағдай орын алды. Қоқыс жәшігінен сүлгіге оралған жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды AlatauNews.

Қайғылы жағдай 3 ақпан күні белгілі болған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні бірден анықтады.

Күдікті мен оқиғаның мән-жайы

Полиция мәліметінше, күдікті ретінде үйде босанған 20 жастағы бойжеткен ұсталды. Жауап алу кезінде бойжеткен сәбидің өлі туылғанын алға тартқан. Сондай-ақ, тергеу барысында нәрестенің денесін қоқысқа апарып тастауға көмектескен тағы бір қала тұрғыны анықталды.

Тергеу барысы

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін бірқатар сараптамалар тағайындалды.

«Нәрестенің денесі сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданып, оқиғаға қатысушы екі тұлғаның да іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», — деп хабарлады Абай облыстық ПД өкілдері.

Мамандар сараптама нәтижесі сәбидің шынымен өлі туылғанын немесе туылғаннан кейін шетінегенін анықтайтынын айтады. Соған байланысты күдіктілердің жазасы белгіленбек.

Оқи отырыңыз...

38 ГРАДУСҚА ДЕЙІН АЯЗ КЕЛЕ ЖАТЫР

Ауылдағылардың ұялы байланыс шығындарын мемлекет өтеуі мүмкін

Министрлік Атырауда газ станциясын салуды жоспарлап отыр